Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруда білім және ғылым мекемелерімен келесі бағыттарда қызмет атқаруда:
- білім және ғылым мекемелерімен тікелей келісім шарт негізінде;
- халықаралық жобаларға, конференцияларға, симпозиумдарға қатынасу арқылы;
- студент, магистранттар және ғалым мамандарымен өзара алмасу;
Тікелей келісім-шарт негізінде төмендегі ғылым және білім мекемелерімен халықаралық ынтымақтастық жүзеге асырылады:
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен;
Мәскеудің болат және қортпалар институтымен;
Ресейдің Д.И.Менделеев атындағы химия-технологиялық университетімен;
Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетімен;
Орынбор мемлекеттік университетімен;
Орынбордың мемлекеттік аграрлық университетімен;
П.Демидов атындағы Ярославль мемлекеттік университетімен;
Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетімен;
Украина ҰҒА математика институтымен;
Өзбекстан ҒА ядролық физика институтымен;
Нөкіс мемлекеттік педагогика институтымен;
Россия ҒА шығыстану институтымен;
РҒА Оңтүстік Орал бөлімінің археология және тарих институтымен;
Өзбекстан Республикасы Президентінің геополитикалық және халықаралық зерттеулер орталығымен;
Қырғызстан Республикасы ҒА тарих институтымен;
Санкт-Петербург қаласындағы мәдениет және өнер институтымен;
Челябинск қаласындағы мемлекеттік техникалық университетімен;
Халықаралық байланыс келісім-шарттары негізінде магистрант, аспирант, докторанттарды алмасу арқылы жүзеге асуда. Бүгінгі күні, Орынбор мемлекеттік университетінің аспирантурасында университеттің 2 оқытушысы тіркелген.
Университеттің экономикалық факультеті «Туран-Профи» ХК Асымен бірігіп экономика саласындағы мамандардың біліктілігін көтеру халықаралық жобаны орындауда, «EDNET CORPORATION» білім жүйесімен және ASMEDA фондымен тығыз байланыста. Факультеттердің 8 оқытушысы 2005- 2008 жылдары республикалық конкурстың финалына шығып, Германия Республикасы университеттерінде және ғылыми-зерттеу орталықтарында 4-айлық ғылыми стажировкаларынан өтті.
Тарих факультетінің доценті Перевезенцев А.Л. «Фулбрайт» халықаралық зерттеу бағдарламасымен Стэнфорд университетінде (Калифорния штаты, АҚШ) біржылдық стажировкадан өтіп, профессор Д.Кеннеди жетекшілігімен «АҚШ жаңа тарихы» ғылыми жобасын орындады. Ғылыми стажировканың нәтижесінде 1920-1930 ж.ж. АҚШ тарихы монографиясына материал жинау және Стэнфорд профессоры С.Геттиспен бірлесіп жаңа америкалық жоғары білім беру проблемалары жөніндегі еңбектерді шығару келісілді. (Еңбектері 2006 ж. «Білім» (Образование) және «Ақтөбе мемлекеттік университетінің хабаршысы» ғылыми журналдырында басылып шықты). 2006 жылы т.ғ.к., доцент Перевезенцев А.Л. Вологоград мемлекеттік университетінің халықаралық байланыс және тарих кафедрасы бойынша тарих ғылымының докторы атағына ізденуші ретінде тіркеліп, қазір жұмысын жалғастыруда. Доцент Бекназаров Р.А. Орта Азия стратегиясының зерттеулері бойынша Франция институтінде стажировкадан өтіп (Лион қ.), докторлық диссертациясын аяқтауда.
Соңғы 3 жылда шетел тілдері факультетінің 4 оқытушысы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің халықаралық стипендиасына ие болды. АҚШ, Ұлыбритания және Германияға барып, факультет студенттері жылдық алмасу бағдарламаларына қатысуда.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлеекеттік университеті «Рейтинговая оценка экономической результативности качества подготовки специалистов в системе профессионального образования и влияния высшей школы на инновационное развитие регионов» атты халықаралық эксперимент мүшелерінің құрамына қосылған. Экперимент қатысушыларына Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университеті, Санкт-Петербург басқару және экономика академиясы, Ленинград облыстық экономика және қаржы институты, білім беру сапасынын бағалау саласында жұмыс жасайтын Германия фирамасымен тығыз байланыста.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректораты шетел мемлекеттерімен және халықаралық ұйымдарымен 2008 жылы келесі жұмыстарды атқарып, 2009 жылы төмендегідей жұмыстарды жоспарлауда:
Университетіміздің профессор-оқытушылары 2007-2008 жылы халықаралық және аймақтық дәрежедегі ғылыми-техникалық, педагогикалық, гуманитарлық-экономикалық шараларға қатнасты. Атап айтқанда, профессор Тасмамбетов Ж.Н. Түркі әлемі математиктерінің II-симпозиумына іс-сапармен барды. Симпозиум Сакария қаласындағы Сакария университетінде 450-ден астам шақырылған делегаттармен өтті. Профессор Ж.Н. Тасмамбетов Сакария университетінің математика бөлімінің деканы Мураш Тасунмен кездесіп, екі университет арасында байланыс орнату жөнінде келісіліп, Анкара қаласында өтетін математиктердің Евроконгрессіне шақыру алынды. Доцент Г.К. Кушкарова 2007-2008 оқу жылы Швейцария, Австрия және Германияда өткен халықаралық семинарларға қатнасты.
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор И.Ф.Спивак-Лавров Ұлыбританияның Кембридж Trinity College CRO-7 LTD; физика-математика факультетінің профессоры Ж.А.Сартабанов пен профессор А.Бержанов Новисбирск мемлекеттік университетінде; доцент С.Я.Шабаев Санкт-Петербургтегі А.И.Вавилов атындағы Академияда; доцент К.Кузбаков Челябинск қаласындағы Оңтүстік Орал мемлекеттік университтерінде стажировкадан өтіп, халықаралық ғылыми конференцияларға қатынасты.
Информатика және есептеу техникасы кафедрасы Қазан қаласында өткен «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» (ИТО – Поволжье - 2007) халықаралық конференциясына қатынасса, «Конденсияланған күй физикасы» кафедрасының оқытушылары С.К.Тулепбергенов пен Ш.Ж.Сагимбаева Ресей Федерациясының 2007-2008 оқу жылы шілде айында Иркутск қаласындағы «Feofilov symposium on spectroscopy of crystals doped by rare earth and transition metal ions» атты халықаралық конференцияға қатынасты.
2007-2008 оқу жылы техника факультетінің оқытушысы Д.К.Каскина Г.И.Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық унивесритетінде өткен «Инновационные процессы в системе университетского образования: социально-гуманитарный аспект» атты халықаралық конференциясында диссертациялық жұмысының негізгі қорытындыларын баяндады.
Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орнындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде біздің университеттің 50-ге жуық оқытушысы ізденуші қызметкер ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдануда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауына орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ұжымы білім және ғылым саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру жұмысын жалғастыра түспек. Атап айтқанда Туркияның Сакария университетімен байланысты жалғастырып, мамандарды алмастыру жұмысын жүргізу жоспарлануда. Металлургия, мұнай-газ салаларында Ресейдің Болат және қортпалар, Губкин атындағы мұнай-газ институттарымен келісім-шарт негізінде жоғарғы білікті мамандарды даярлау ісі жалғаса бермек.
Сонымен қатар, бұрын орындалған келісім -шарттар:
- Украина Ұлттық ғылым академиясының математика институтымен;
- М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен;
- Мәскеудің технологиялық университетімен;
- Орынбордың мемлекеттік университеті және мемлекеттік аграрлық университе- тімен;
- Ресейдің Д.И.Менделеев атындағы химия-технологиялық университеті-мен;
- Челябинск қаласындағы Оңтүстік Орал мемлекеттік университетімен;
- Ажиниязы атындағы Нөкіс (Өзбекстан) мемлекеттік педагогика институтымен;
- Украинаның ұлттық аграрлық университетімен;
- Өзбекстан Республикасы ғылым академиясының ядролық физика институтымен;
- Қырғыз Республикасы Ұлттық академиясының тарих институтымен;
- және т. б. білім және ғылым мекемелерімен халықаралық байланыс жалғасын таппақ.
Профессор-оқытушылармен қатар университетіміздің студенттері мен магистранттары ДААД стипендиясының (Германия) конкурсына, Гёте - Институты, Oxford – Hospitality, Британ Кеңесіне, неміс тілі оқытушылары халықаралық ассоциясының съезіне қатынасу жоспарлануда.
2008 жылы қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің қолдауымен біздің университет Брунель, Шеффильд және Оксфорд университеттерімен ынтымақтастық меморандумына, Израильдің Бен-Гурион университетінің шөл және шөлейт аймақтар институтымен келісім шартына қол қойылды.